Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі жұмысшы қаза тапты
Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі жұмысшы қаза тапты. Екеуі де биіктен құлаған, деп хабарлайды 247media.kz
«Сағат 9:20 шамасында химиялық блок ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан «Қазмеханомонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымының екі жұмысшысы биіктен құлады», деп хабарлады «Qarmet» АҚ баспасөз қызметі.
2005 жылы туған Д. Иманғалиев пен 1986 жылы туған Ю. Самойлов биіктен құлап, алған ауыр жарақаттары салдарынан жан тапсырды, деп жазады «Қазақпарат«.
Компаниядағылар трагедияның себептері мен мән-жайларын тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын да нақтылады.