Теміртауда учаскелерге алғаш келген азаматтарға естелік сыйлықтар табысталды

Просмотров: 14

Теміртау қаласында референдум күні учаскелік комиссияларға алғашқы болып келген азаматтарға естелік сыйлықтар табысталды. Бұл бастама маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысқан тұрғындарға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Таңертең ерте дауыс беруге келген қала тұрғындарына шағын сыйлықтар ұсынылып, олардың азаматтық белсенділігіне алғыс білдірілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың референдумға деген қызығушылығын арттырып, қоғамдағы жауапкершілік пен белсенділікті нығайтуға ықпал етеді.

Қаладағы референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастап, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Тұрғындар өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған