Тірідей өртеніп кеткен қыздың хаты табылды

Бүкіл жұртшылықты есеңгіреткен жантүршігерлік оқиғада қаза тапқан бес баланың үлкені Альбинаның хаты Facebook желісінде жарияланды, деп жазады Qamshy.kzақпарат агенттігі.

Аяз атаға жазған хатында Альбина өздерінің пана етіп жүрген үйлерін де бейнелепті. Ал өзінің хатында «Мен жаңа жылда өзіме жаңа планшет алғым келеді. Мен өте тәртіпті қыз болдым, ата-анамның тілін алып жүрдім. Мен сіздің бар екеніңізге сенемін…»

12 жастағы мектеп оқушысының хатын өзінің парақшасында жариялаған Артур Мағзомов есімді желі қолданушысы былай дейді:

 

«Өткен түнде өрттен көз жұмған 5 балапанның үлкені Альбинаның Аяз атаға жазған хаты. Мектептен алдық. Тап-тар жерді пана қылған балалардың отқа оранған кереуеттері ғана қалыпты… Бір суретінде өзінің үйін салыпты Альбина, өртенген үйдің де сиқы осындай, шатыры жоқ».

Advertisment ad adsense adlogger