Тоқаев Қайрат Әбдірахмановты жаңа қызметке тағайындады
Қайрат Абрахманов Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды 247media.kz
Бұл туралы 2024 жылғы 6 қыркүйекте Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», — деп жазылған құжатта.
Мемлекет басшысының екінші Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.