Тоқаев қазанның соңында Моңғолияға барады

Просмотров: 26
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 қазан күндері Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды 247media.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған