Тоқаев пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрғандарды дереу жазалауды тапсырды
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын», деп жазды Берік Уәли.
Бұған дейін Нартай Сәрсенғалиев Мәжілістің жалпы отырысында әскердегі тәртіпсіздіктің алдын алу және алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауды және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды сұраған болатын.