Той үстінде әйелді тепкен жігіт желіні шулатты (видео)

Әлеуметтік желіде тойда билеп жүрген келіншекті арт жағынан келіп бір тепкен ер адамның видеосы тарап жатыр.

Оқиғаның қайда болғаны және оның мән-жайы белгісіз. Бірақ желі қолданушыларының болжамынша, оқиға Қырғызстанда болған, ал видеодағы ер адам өзінің әйелін бір тепкен. Тойда қырғыз әні жүріп тұр және қонақтар қалпақ киіп алған.

Әлеуметтік желіде бұл видео қызу талқылануда. Жұрт жүздеген пікір жазып, ер адамды ерсі қылығы үшін сөгіп жатыр.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі әйелден шағым түскен жағдайда ғана тексеріс басталатынын айтты, деп жазады Sputnik Қырғызстан. 

Дереккөз:  sputniknews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger