Қызды соғып, қашып кетпек болған жігітті куәгерлер сабап тастады (видео)

Семей қаласының көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні жоғары жылдамдықпен мотоцикл қағып, жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Алайда оқиғаға куә болған өзге көлік жүргізушілері күдіктінің жолын бөгеп, оны тоқтатқан деп хабарлайды yk-news.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға бүгін 18 қазан күні Семей қаласында болған.

Қала көшелерінің бірінде жүйіткіп келе жатқан мотоцикл бойжеткенді жаяу жүргінші жолында қағып кеткен екен.

Ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпек болған.

Оқиға орнынан ізін суытпақ болған мотоциклдегі екі азаматты көлік тізгінінде отырған куәгерлер тоқтатқан. Олар көліктерінен шығып, мотоцикл жүргізушісі мен қасындағы жолаушыны өздері жазалауға көшіп, соққыға жыға бастаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger