ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ НАЗАРЫНА
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жұмысының маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік қызмет көрсету саласында заң бұзушылықтардың алдын-алу, халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қызмет алушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Осыған орай, қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталмағанына куә болса, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактілері орын алса, онда бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін Департаментке шағыммен жүгінуге болады.
Біздің мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері: 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.
+7 701 496 4525: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру бойынша 2023-2024 жылдары барлығы 59 ұсыныс (2023 – 34, 2024 – 25) жолдады, олардың 58 %-ы қабылданды, қалғандары қарастырылуда.
Мәселен, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсету» қағидаларын тұрғын үй көмегі тиесілі азаматтар санаттарының тізбесін
және тұрғын үй көмегін көрсету құқығына отбасының жиынтық табысын айқындау арқылы қайта қарау туралы ұсыныс жолданды.
Өз кезегінде, Департаментпен әзірленген ұсыныс уәкілетті органмен қабылданып, жоғарыда аталған қағидаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар Департаментпен тұрақты түрде жүргізіледі.