Өз арын қорғай алмаған қыз кімге керек?

Менде де сол баяғы жігіт мәселесі. Өкініші өзегімді өртеп барады, себебі сырымды ешкімге айта да алмаймын. Орны толмас қателік жібердім. Жасым 23-те, үйдің жалғыз қызымын. Әкем жоқ, бала кезімде тастап кеткен бізді.

Жігітіммен осыдан 2 жыл бұрын танысқанмын. Содан жарты жылдай сөйлесіп жүріп, маған ұсыныс жасады. Жүрдік басында бәрі керемет болатын. Күнде қымбат сыйлықтар, гүлдер…. Бір-біріміздің үй-ішімізбен де танысып, ара-қатынасымыз өте тамаша болды. Солай жүріп ақыры қосылып қойдық.

Мен оған өзімнен артық сендім. Бірақ ол соңғы 3 айда қатты өзгерді. Мені ұратынды, боқтайтынды шығарды. Ұрсысып қалсақ, xабарласпайды өзім кешірім сұраймын. Міне, 3 күн болды xабарласпайды да, звондасам алмайды. 

Әттең, сол уақыт қайтып келсе ғой, ешқашан сол күнәны жасамаушы едім. Анамның сенімін ақтай алмадым. Таң атқаннан тек өлімді ғана ойлаймын. Енді кімге керекпін? Өз намысын қорғай алмаған қыз кімге керек?. Не үшін мені алдады? Менің өмірімді қор қылып, бақытты боламын деп ол да ойлай ма екен. Әпкелер, ақыл беріңіздерші, не істейін, жынданып кететін түрім бар, өлгім келеді, қатты қыйналып кеттім.

Толығырақ:  alashainasy.kz

Advertisment ad adsense adlogger