Жұманғарин Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді

Просмотров: 9

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин “Biz Birgemiz” қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді

Жұманғарин Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді

Журналистер «Перизат Қайраттың ұсталғаны туралы хабар қазақ жұртын селт еткізгенін және осы оқиғадан кейін енді ел меценаттарға сенім арта ала ма?» деп сұрады.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұл жаңалық жайлы ойламағанын айтты.

Шынымды айтсам, бұл жаңалық туралы терең ойланбадым. Өкінішке қарай мені селт еткізбеді. Өйткені соңғы күндер өте қарбалас болды. Партия платформасында қандай пікірталас жүріп жатқанын білмеймін. Бұл сұрақты партия хатшысына қойғаныңыз жөн, – деді Жұманғарин.

Үкімет мүшесі бұл мәселеге қатысты пікір білдіргісі келмейтінін жеткізді.

Әркім өз жұмысын істеп жатыр. Ал менің бұл тақырыпқа түсініктеме беруге уақытым жоқ, – деп айтты Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары су тасқыны кезінде Ақтөбе облысында болғанында “Biz birgemiz” қайырымдылық қорынан көмек келгенін қоса кетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған