Жұмысшы мамандықтарының қыр-сыры: мектеп оқушылары өндіріс орнында
2025 жыл – Жұмысшы кәсіптері жылы. Осыған орай, 2025 жылғы 14 қарашада «Теміртаудың №2 Казмеханомонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында «Мектеп оқушыларын техникалық бағыттағы мамандықтармен таныстыру» атты оқу-танымдық экскурсия өтті. Экскурсияны серіктестік директоры Күлжанов Айдар Көккөзұлы өзі жүргізді. Іс-шараны Теміртау қаласының Білім бөлімі, «Теміртаудың №2 Казмеханомонтаж» ЖШС және Теміртау қаласының №11 орта мектебі бірлесе ұйымдастырды.
Экскурсия барысында оқушылар өндіріс жұмысымен жақыннан танысып, цехтарды аралап, заманауи құрал-жабдықтардың жұмыс істеу ерекшеліктерін көрді. Сонымен бірге металды дайындау, құрастыру және бояу үдерістері туралы жан-жақты мәлімет алды.
Инженерлер, шеберлер және жоғары білікті жұмысшылар өздерінің кәсіби жолдары туралы айтып, мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті. Оқушылар қазіргі таңда сұранысқа ие техникалық мамандықтар, жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктер және серіктестікте іске асырылатын оқыту мен қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алды.
Кәсіпорын болашақта жас мамандарды жұмысқа қабылдауға дайын екенін атап өтіп, олардың кәсіби дамуына барлық жағдай жасалатынын жеткізді.
Экскурсия танымдық әрі қызықты өтті, оқушыларға жұмысшы мамандықтары туралы мол мәлімет беріп, олардың кәсіптік бағдарын кеңейтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
