Жаңа Конституция жобасы: болашаққа бағытталған реформалар

Просмотров: 13

Бүгінде елімізде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Бұл – тек заңгерлер мен саясаткерлердің ғана емес, әрбір азаматтың, әрбір отбасының болашағына тікелей қатысты маңызды құжат. Сондықтан мұндай мазмұнды талқылауға халықтың белсенді араласуы – заңды әрі қажетті құбылыс.

Жаңа Конституция жобасы еліміздің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды. Құжатта адами капиталды нығайтуға, білім мен ғылымды жүйелі түрде дамытуға айрықша басымдық берілген. Бұл – стратегиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды шешім. Себебі елдің бәсекеге қабілеттілігі, экономикалық қуаты мен технологиялық ілгерілеуі ең алдымен білімді, кәсіби, жаңашыл азаматтарға сүйенеді.

Ата Заң жобасында мемлекет азаматтарға тегін бастауыш және орта білім алуға кепілдік беретіні нақты көрсетілген. Сонымен бірге жоғары оқу орындарында конкурс негізінде тегін білім алу мүмкіндігінің сақталуы – әлеуметтік әділеттіліктің көрінісі. Бұл – жастардың әлеуетін ашуға, олардың тең мүмкіндіктерге қол жеткізуіне бағытталған маңызды норма.

Бүгінде талқыланып жатқан Конституциялық реформа – мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтатын, ел болашағына бағытталған жүйелі өзгеріс деп санаймын. Мұндай реформалар қоғам дамуының жаңа кезеңін айқындап, білім мен ғылым арқылы сапалы өсімге жол ашады.

Нұрлан БЕРІКҰЛЫ,
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті КеАҚ Маркетинг және PR департаменті директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған