Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған мазмұнды кездесу өтті
Қарағандыда Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарымен бірге жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған мазмұнды кездесу өтті.
Алғашқы кездесу Шахтер стадионында ұйымдастырылды. Мұнда спорт саласын дамытып жүрген мамандар бас қосты. Кездесу барысында конституциялық реформалардың азаматтардың әлеуметтік қорғалуына және спорт саласын қолдауға қалай әсер ететіні талқыланды.
Сондай-ақ Қарағанды гуманитарлық колледжі ұжымымен кездесуде оқытушылар және студенттермен ашық әңгіме өрбіді. Жастардың елдегі саяси үдерістерге қызығушылық танытып отырғанын көру қуантты.
Кездесуде білім беру саласындағы кепілдіктер мен азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қозғалды. Кездесулер ашық әрі сындарлы диалог форматында өтті.

