Жайнамазды тепкен бапкерке қатысты жантүршігерлік дерек жарияланды

Таразда жайнамазды тепкен бапкерке қатысты жаңа деректердің беті ашылды. Бейнежазбадағы жекткіншектердің ата-аналарының айтуынша, бапкердің дәл осындай әрекетке баруына балалардың өзі себепкер болған екен.

Көпшіліктің алдында ұятқа қалған ата-аналар жасөсіпірмдер үшін бапкерден кешірім сұрап, оларды интернаттан шығарып әкетіпті. Бұл туралы КТК телеарнасына хабарлайды.

Аз уақытта желіде кең таралып, көпшіліктің ашуын туғызған бейнежазбадағы балалардың бірі – Шу, екіншісі Қаратаудан екені белгілі болды. Ал ата-аналары ұлдарының намазға жығылғанынан бейхабар екен.

Сондықтан желіге тараған видеоны көріп өздері де аң-таң болыпты. Сондай-ақ олар балаларының қулығы үшін қатты қынжылатынын жеткізіп, мұсылман қауымы мен жаттықтырушыдан кешірім сұраған.

«Балаларының теріс ағымда оқып жатқандығын айтты. Дер кезінде жаттықтырушы көріп тоқтатқаны және видео түсіріліп жатқан кезде намаз уақытының болмағандығын, үштің кезі екенін мойындап отыр», — дейді Жамбыл облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп интернаты директорының орынбасары Ердос Әкімов.

Оның айтуынша, бір жылдан бері негізгі құрамға іліге алмай жүрген қос шәкіртке соңғы сыннан сүрінсе интернаттан шығу қаупі төнген. Бұған бапкерді айыптаған жасөспірімдер оны аяқтан шалуды мұқият ұйымдастырған көрінеді. Екеуі қызу қанды жаттықтырушының теориялық сабағына қатыспай, оның бөлмеге келуін күтіпті.

Алмат Баетов жасөспірімдердің адасып жүргендерін әу баста байқап, өзгелердің санасын уламауды ескерткен екен. Бірақ оған шәкірттері пысқырып та қарамаған.

Дереккөз: Ктк арнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger