Жапондардың үрейін ұшырған оқиға

Жаңалықтардан оқып отырмын, Жапонияда сұмдық оқиға болыпты. Әкесі өзінің қызын ұрып, соғып, үстіне мұздай су құйып әбден азаптаған. Бұл қатыгездік бір күн емес, екі күн емес, ұзақ айларға созылған. Қыз байғұс мектебіне де, тиісті орындарға да хабарлапты. Бірақ оның аянышты тағдырына әлгілер де салғырт қараған. Соның салдарынан, ол пәтеріндегі ванна бөлмесінен өлі күйінде табылған.
Айтуларынша, өлерінің алдында қызды әкесі тағы да ұрып, үстіне мұздай су құйған. Мүрдені ашып көрген мамандар оның соңғы тәуліктерде нәр сызбағанын да анықтапты. Денесінің бәрі қанталаған және көкпенбек дақ дейді.
Жапондардың жағасын ұстатқан осы қайғылы оқиға қазір жоғары деңгейде қаралып жатыр екен.
Оқып отырып, жүрегім ауырды.
Адамдар не боп барады?

Көсемәлі Сәттібайұлы
Advertisment ad adsense adlogger