« ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ МЕКТЕБІНІҢ» САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ
Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ел болашағына өз үлесін қосуға дайын, кәсіби білікті және заманауи көзқарастағы жас кадрларды тәрбиелеу.
✅Ашылу салтанатына МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айсулу Ерниязова, Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры Әділ Тазабеков, мемлекеттік қызмет ардагерлері, сондай-ақ, өңірдегі жоғары оқу орындарының белсенді студенттері қатысты.
✅Сөз алған қонақтар қатысушыларға «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің негізгі бағыттары мен бағдарламасы таныстырылып, ел игілігі жолында адал қызмет етуге, жауапкершілік пен кәсібилікті басты ұстаным етуге шақырды.
✅Арнайы шақырылған мемлекеттік қызмет ардагерлері болашақ мемлекеттік қызметшілерге тәжірибелі мамандардың қолдауына сүйеніп, өз қабілеттерін дамытуға кеңес берді.

