Жас жұбайлардың некесін сақтап қалған хат

Бір жолы Алдаберген шешен Жүзімдіктің өзенінен өтіп, Шуақбай жотасына өрлеп бара жатса, алдынан бала көтерген бір әйел шығады.
— Қай ауылдан келесің?
— Ақбұлақтан
— Онда кімнің әйелісің?
— Сайырбектің келінімін.
— Сайырбегің қайсы, әлгі Анарбай — орыс Қайырбек шал ма?
— Иә.
— Қайда барасың?
— Шаяндағы төркініме.
— Неге?
— Иесіз қалғырлар күн көрсететін емес, — деп ол күйеуінен, енесінен балағат сөз естіп, таяқ жей берген соң, төркініне қашып бара жатқанын айтады.
Алдаберген:
— Сәл сабыр ете тұр, — дейді. Жан-қалтасынан қағаз, калам алады да, бір ауыз өлең жазып әлгі әйелге береді:
— Ауылыңа қайт, ашуыңды бас, үйіңе барғанда мына кағазды Қайырбек атаңа бер.
— Бұл хатты кім жазды десе, не деймін?
— Алдаберген жазды деп айт.
— Е-е сіз Алдаберген би екенсіз ғой.
— Иә, мен, — дейді де ол жоғарғы таздар ауылына бет алып кете береді.
Балалы әйел ауылына қайтып барады. Әлгі қағазды атасына береді. Атасы қағазды окып қараса:
Қойдан козы туады шөп жейтүғын,
Иттен күшік туады боқ жейтүғын.
Осындай бейсауат сөз сөйлегенге,
Ауылыңнан шықпады ма қой дейтүғын,- деп жазыпты.
Қызарып кеткен Қайырбек келініне:
— Әй, балам-ай, бекер істеген екенсің, бидің мына сөзі сүйекке таңба салатын болды ғой. Оған бәрін айтып нең бар еді? Ол иттерді осында өзіміз-ақ жөнге салатын едік қой, енді қайттік! — деп санын бір соғып отыра кетіпті.

Advertisment ad adsense adlogger