Жас жігіт той үстінде қалыңдығын тастап кетті. Өйткені…

Екі жастың үйлену тойы. Тойханада келін мен күйеу бақыттан бал-бұл жайнап отырған сәттері. Ортада күйеу жігіттің анасы қуаныштан ағайын-туысқандарымен бірге би биеп, абыр-сабыр болып жүрген. Анасы бұл күні өте бақытты еді. Себебі, өмірің мәні — жалғыз ұлы үйленіп, шаңырақ көтеріп жатыр.

Таныс-біліс, ағайын-туыс барлығы да ортадағы күйеу жігіттің анасын қуанышты күнімен құтықтап жатыр. Барлық адам көнілді, әрі екі жасқа қызыға да, қызғана да қарап жүр. Біраз уақыттан соң қалыңдық күйеуіне:
– «Жаным, анаңа бір ауыз айтып қойшы, билей бермей бір жерде тыныш отырсыншы. Көрген достарым не дейді? Сыртымнан күлмей ме ертең? Отыра алмаса, басқа жерге жіберейік абыройды босқа төккізбей», – деп сыбырлады.
Күйеу жігіт күлді да, ештеңе айтпастан ортаға шықты. Жиналған адам оны анасын құтықтайды екен деп ойлады. Бірақ ол бірден ән қойылып жатқан әншілердің қасына барды. Айтылып жатқан әнді тоқтатып, қолына микрофон алып: «Анам кімге керек?» деп тойға жиылған қауымға сұрақ қойды. Сол тойда болған ағайын-туыс, дос-жаран барлығы үндеместен, еш қайсысы күйеу жігіттің мына сұрағына түсінбей абдырап қалды.
Күйеу жігіт тағы да: «Анам кімге керек?» деп қайталады. Ешкімде үн жоқ. Көпшілік оның бұл сұрағына ашулы еді. Іштей «е-е бұл бала үйленіп, жалғыз анасын керек қылмайын деді ғой» деп ойлады. Ал қалыңдық іштей: «Бұл әлден менің айтқанымды істеуде, ертең бұны басқару қиын емес екен ғой» деп қуанып отыр.
Ана байғұс ұлының бұл сұрағына жүрегі қатты қиналып тұр еді. Жанарында тынбай жас ағып тұрды… Көзіндегі жасын тоқтата алмай, еш нәрсе айта алмай ұлына қарады. Сонды күйеу жігіт түсінбей отырған көпшілікке қарап: «Анам маған керек!» деп айқайлады. Қолындағы неке жүзігін шешіп, қалыңдығына қарай лақтырып жіберді де: «Саған талақ бердім» деді де, анасының қолынан ұстап тойханадан әкетпекші болды. Қалыңдықтың жақындары, туысқандары не болғанын түсінбей күйеу баланы тоқтатпақшы болды. Бірақ күйеу бала тоқтай қоймады. Қыздың әкесі күйеу баласын тоқтатып, не болғанын түсіндіріп беруін талап етті. Күйеу бала болған жағдайды айтты. Сонды қыздың әкесі оны қатты құшақтап: «Шіркін, сендей ұл тәрбиелеген анаңа мың алғыс. Сендей күйеу балам болғанда, еш арманым болмас еді. Бірақ қызына тәрбие бере алмаған мендей әкені кешір» деп жігітке ризашылығын білдірді.
Ойланып қарайық, Сенін анаң мына әлемде жалғыз. Ал қыз мыңдап табылады. Ананың қадіріне жете білейік, бауырлар!

Advertisment ad adsense adlogger