Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі

Просмотров: 9

Отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын одан әрі жалғастырады. Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі.

Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Одан бөлек, «Бәйтерек» холдингіне қысқа мерзімде шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша шаралары бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет жүргізіп отырған реформалар еліміздің ұзақмерзімді тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге, экономикада базалық нарықтық қағидаттарды терең орнықтыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте Үкімет Мемлекет басшысының әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру қажеттігі туралы нұсқауларын, экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші ретінде қарастыра отырып, қатаң ұстанады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған