Желаяқтар жарыс жолында

Просмотров: 28

Қарқаралыда әуесқойлар арасында жаяу жүгіруден Bugyly Trail жартылай ма­рафоны өтті. Сайысқа қа­тысушылар таулы аймақ­тың жазық-жазығын таң­дап, 10-21 шақырымдық қа­шықтықты бағындырды. Оның ішінде, жастар 10 ша­қырымдыққа, 21 шақырымды ересектер жүгіріп өтті.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Жарысқа қатысқандар арасында кәсіпқой марафоншылар, сонымен бірге, қатарға жаңа қосылған желаяқтар болды. Олардың арасындағы ең танымалы – Константин Серебряницкий. Ол – Санк-Петербург қаласының тумасы. Сонау бала кезінен жаяу жүгіріске деген көңілі алабөтен көрінеді. Константин – жүгіруден Ресейдің Халықаралық кросс-фит чемпионы.

– Қарқаралыға бір апта бұрын келдім. Тұмса табиғаты құпияға бай өте әсерлі мекен. Орманы мен бұлағы сарқыраған таулы аймақта жүгіру адамға ерекше ләззат сыйлайды. Мұны сезіне білудің өзі ғанибет. Марафон туралы осында келгенде бір-ақ естідім. Содан бағымды сынап көрейін деп қатысқан едім. Нәтижесінде мәреге бұрын кеп, жүлделі болған жайым бар, – дейді жарыс жеңімпазы Константин Серебряницкий.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті» дейді қатысушылар мен жанкүйерлер. Оның үстіне таулы мекеннің әсері спортшыларға жаққандай.

– Мұндай мекенде серуендеу, оны аралаудың өзі денсаулыққа өте пайдалы. Марафонға алғаш қатысуым. Ұмытылмас әсердемін. Жарыстың алғашқы қашықтығында қиналамын деп ойлағанмын, алайда, таудың таза ауасынан ба, тынысым ашылып, қимылым жеделдей түсті. Бұл жарыста жеңбесем де, жеңімпаздармен жарысқанымды мақтан тұтамын, – дейді марафоншы Ербол Ашманов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған