Жесір қарындасынан сырт айналған жігіттің өкініші

Бір әке, бір анадан туған ағалы-қарындасты екі адам бар еді. Ағасы ата-анасының бірі кезінде қалаға оқуға кетті, сол жақта жақсы қызметке орналасып, үйлі-баранды болды. Оның ауылға қайтқысы жоқ еді. Тіпті қаланың бай өміріне есі кетіп, туғандарынан жиіркенетін жағдайға жетті. Кәсібі күн сайын өсіп, тасы өрге домалаған сайын ол туғандарынан барынша алыстауға тырысты. Ал қарындасы болса ауылда қалған кәрі ата-анасын күтумен күнін өткізді. Қарияларды соңғы сапарына да шығарып салды. Алайда жан ағасы тіпті ата-анасының жаназасына да келмеді. Өйткені оның уақыты жоқ еді.

Ағасының бұл қылығына қарындасына қанша өкпелесе де кек сақтамай, өз күнін көрумен болды. Тұрмысқа шығып, бала сүйді. Мал өсіріп, бау-бақшасын баптап, күнін көріп жатты. Жыл сайын қаладағы бай ағасына ауылдың дәмі деп сәлемдеме салып жібереді. Бірақ ағасы дымын білдірмей жатып алды. Тіпті қарындасының күйеуі өліп, төрт баламен жесір қалғанда да қол ұшын созбады. Өйткені өзінің кедей қарындасынан ұялатын еді.

Күн артынан жыл өтіп, балалары ержетті. Кәсіпкердің жұмысында бәсекелестер пайда болып, кәсібі кері кетті. Аз жылда тақырға отыруға таянды. Ал жалғыз ұлы ақшаның буымен түрлі жаман ортаның ықпалына түсіп, жоғалып кеткен болатын. Ақшасы азайған тұста әйелі де тастап, өзге жанның етегінен ұстап кетті. Бұл әлемде жалғыз қалған тәрізді болды. Тек сол кезде ғана ауылдағы қарындасын, өскен үйін есіне алды.

Жігіт болып кеткен үйіне бойынан әл кеткен шағында қайта оралды. Жастай жетім-жесір қалған қарындасы бұл кезде тұрмысын түзеп, үлкен шаруашылықтың иесі атанған болатын. Төрт баласы да оқу оқып, шаңырақ көтерген. Ауылдағы сыйлы әулетке айналып үлгеріпті. Ал бұл кезінде оларды менсінбей кетіп еді, ал бүгін барынан айырылғанда қайда айналып келді.

Қарындасы ағасын құшақ жайып қарсы алды. Алдына бар дәмдіні тосты. Оған деген өкпе-реніштерінің бәрін ұмытқандай кейіп танытып, бөлек бөлме, жұмыс тауып берді.

Мұның бәрі жігіттің жүрегін ауыртты. Ол өз қателігін енді ғана түсініп, көз жасын тыя алмай қалған болатын…

Advertisment ad adsense adlogger