Жезқазғанда жаңадан ашылған Батыс ауданына 12 мың адам қоныстанады

Просмотров: 4

Жезқазған қаласында бой көтеріп жатқан жаңа Батыс ауданында алдағы уақытта шамамен 12 мың тұрғын қоныстанады.

Облыс құрылған алғашқы екі жыл ішінде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде биыл қалада абаттандыру ісі айтарлықтай жанданды. Қаланың негізгі көшелерінің бірі – Алашахан даңғылында жаяу жүргіншілерге арналған заманауи аллея салынды. Сонымен қатар, қала аумағында 31 балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 100 қоқыс контейнеріне арналған алаң орнатылып, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 369 контейнер жаңасына ауыстырылды.

Қазақмыс корпорациясының демеушілігімен қаладағы 40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды.

Қазіргі таңда Жезқазған қаласының аумағын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Қаланың Бас жоспарына сәйкес, Батыс ауданын ашу және дамыту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған аумақта көпқабатты тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жоспарланып, бірқатары салынып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған