Жігіт жалғыз ауыз сөзден соң қалыңдықтан бас тартты

Сауд Арабиясында жас жігіт тойға бірнеше минут қалған кезде қалыңдыққа үйленуден бас тартып, тойдан кетіп қалды. Бұған қалыңдық әкесінің қызына көлік айдауға шектеу қоймауды сұраған талабы себеп болған.

Қайын атасы   күйеу жігітке қызына көлік жүргізу куәлігін алып беруді және оған ешқандай шектеу қоймауды ескертеді. Мұны естіген жігіт ашуланып, рәсім өтіп жатқан жерден кетіп қалған. Оның бұл әрекетіне той қонақтары мен туыстары таң қалып, өз түсінбеушіліктерін жеткізіпті. Әрі ол тойға дейін қалыңдығына ешқандай шектеу қоймайтындығын, жұмыс істеп, қоғамдық шараларға қатысуға мүмкіндік беретіндігін айтқан екен.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger