Өзімді жек көріп кеттім

Осыдан 1 жылдан астам уақыт бұрын бір жігітпен жүре бастағанмын. Қазір жүргенімізге бір жылдан асып кетті. Мектеп бітіріп, студент атанып Астанаға келгенбіз. Сөйтіп жүріп ақ төсектен аттап қойдық. Біздің отбасымыз бір-бірімен жақсы таныс болатын. 2 ай бұрын жігітім әскерге кетті.

Ол кеткен сон өзімнің жүкті екенімді білдім. Баламды дүниеге әкелемін деп қиялдап жүргенімде, оқуымның жайына қалатыны, тұрағымның жоқ екені ойыма кіріп те шықпапты. Жігітіме айттым. Ол қуанғандай болғанымен қазір үйленгісі келмейтінін, баламды алдыртуымды өтінді. Сол күні оны жек көріп, қайта сөйлепедім,. Солай біраз уақытымды өткізіп алдым. УЗИ-ға барғанымда баламның 13 апталық екенін айтты. Амал жоқ алдырттым. Сол күнгі жан қиналысым өмір бойы көз алдымнан кетіп, жүрегімнен өшпес. Жігітімді одан бетер жек көріп кеттім! Енді омырауым тап-тастай болып қатып қалған. Қатты ауырады. Бұл қалыпты ма? Жоқ әлде бір аурудың бастауы ма? Жауап беріңіздерші. Мені сөгудің қажеті жоқ. Өзім де қиналып, өз-өзімді жек көріп жүрмін. Әр сіт сайын баламның бейнесі көз алдымда тұрып алады (өз көзіммен көргенмін). Өтінемін, сіздер мен секілді ақымақ болмаңыздар. Менің енді тұрмысқа шыққым келмейді. Бар өмірімді жұмысқа арнаймын деп шештім. кеңес беріңіздерші.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger