Әлеуметтік сауалнама көрсеткіші нені аңғартты?

Просмотров: 132

Соңғы күндері сарапшылар өткізген әлеуметтік сауалнамалар конституциялық түзетулер бойынша референдум идеясын қазақстандықтардың қолдауы артқанын көрсетеді.


5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Қолданыстағы негізгі заңға енгізілетін өзгерістер қолданыстағы 31 бапқа түзетулерді және Конституцияны екі жаңа баппен толықтыруды қамтиды және қолданыстағы саяси модельді түбегейлі өзгертуге бағытталған.

Үгіт-насихат кезеңінің басталуымен бірге, қазақстандықтардың алдағы республикалық референдумға деген көзқарасы, қоғамдық пікір үнемі сараланып отырады. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген соңғы әлеуметтік онлайн-сауалнама нәтижелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы идеясын қолдау деңгейінің артқанын көрсетті.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 78,52%-ы референдум биылғы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі, ал қазақстандықтардың 72,01%-ы референдум өткізу идеясын қолдайды. Бұл ретте қазақстандықтардың шамамен 68,92%-ы дауыс беруге баруды жоспарлап отыр. Өз таңдауын әлі айқындамағандар – 21,79%. Референдум туралы хабардар болу көрсеткіштері 7%-ға, келу ниетінің көрсеткіштері 2%-дан астам өсті.

Әлеуметтік зерттеуді 17-19 мамырда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі онлайн-сауалнама әдісімен жүргізілді. Іріктемеге 18 жасқа толған және одан асқан 4000 респондент алынды.

Сауалнама орындары ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және елдің 14 облысы таңдалды. Еске салсақ, бұған дейін референдум өткізу туралы идеяны қолдаудың жоғары деңгейі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі – 62%-дан 73%-ға дейін (3-5 мамыр), ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (5-10 мамыр) жүргізген сауалнама нәтижелерімен расталған болатын, онда қазақстандықтардың 76,40%-ы түзетулерді қолдаған, сондай-ақ «Қоғамдық пікір» институты» (3-5 мамыр) жүргзіген сауалнама нәтижелері оны қазақстандықтардың 73,33%-ы қолдайтынын көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған