«Тіл шебері» республикалық байқауы өз мәресіне жетті

Просмотров: 10

2026 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында «Тіл шебері» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Байқауға 12 орталық мемлекеттік органдардан іріктеуден өткен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды бірінші кезеңде қатысушылар үш тілде аудиовизуалды өнім әзірлесе, екінші кезеңде үміткерлер мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үздік жобаларын қорғады. Үшінші кезеңде байқауға қатысушылар эссе жазды.

Қазылар алқасы құрамында үш тілді меңгерген филолог ғалымдар мен түрлі сала мамандары болды. Олар қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі мен кәсібилігін жоғары бағалап, байқау қорытындысы бойынша төмендегідей шешім қабылдады:

І орын: Жұмабай Ербол Көбейсінұлы – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы;

ІІ орын: Хусаинова Іңкәр Теміржанқызы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқармасы басшысы; Алтынбекова Алима Қанатқызы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері.

ІІІ орын: Өсербай Өркенбай Ғалымжанұлы – ҚР Әділет министрлігінің сарапшысы; Нұрідін Сағынғали Әлішерұлы – ҚР Ішкі істер министрлігінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Утепова Замзагүл Шаймухамедқызы – Оқу-ағарту министрлігінің бас сарапшысы.

Ынталандыру сыйлығымен ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бас сарапшысы Усенова Диана Есеналиқызы, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басқарма басшысы Улькеева Меруерт Асқарқызы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Шыныбекова Гүлназ Рамазанқызы, ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкері Умурханова Аружан Раджанқызы, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бас сарапшысы Тойбекова Меруерт Лесбекқызы, Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Күмісбай Кәмшат Кеңшілікқызы марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған