5510 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті
Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінде Ұлы отан соғысының 80 жылдығына орай «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы аясында мектеп оқушыларына ашық есік күні өтті. Аталмыш іс-шара аясында мектеп оқушылары сарбаздардың өмірімен танысып, қару-жарақ пен техниканың үлгілерін қарап қана қоймай, саптық алаңдағы маневрлергед де қатысты.
- Бұл іс-шара мектеп оқушылары үшін ең жақсы тәжірібиелердің бірі болды. Себебі, жастайынан әскери өмірді көзбен көріп, қолмен сезген кез келген жастардың отанға деген ыстық ықыласы үлкен болады. Бұл іс-шара аясында біз барлық жастарға әскери өмірдің қыр-сырын таныстырдық.- деп атап өтті әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жәнібек Сәрсенов.
Сондай-ақ, іс-шара барысында әскери бөлімнің клубында әскери бейнефильмдер көрсетілді. Іс-шара соныңда, мектеп оқушылары фотоға түсіп, әскери бөлім басшылығына өз алғыстарын білдірді.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі