№8 мектеп ұжымымен Конституциялық реформа талқыланды

Просмотров: 34

Қаламызда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Қарағанды облыстық коалициясының мүшелері қалалық коалиция өкілдерімен бірлесіп, КММ №8 жалпы білім беретін мектебінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттары, оның қоғам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылды.

Жиын барысында коалиция мүшелері алдағы референдумның мәні мен маңызын атап өтіп, азаматтардың ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы жауапкершілігіне тоқталды. Еңбек ұжымы өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға жаңа Конституция жобасының мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған