Көпсалалы емхана ұжымымен Конституциялық реформа талқыланды

Просмотров: 12

Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Қалалық коалиция мүшелері қаламыздағы көпсалалы емхананың еңбек ұжымымен жүздесіп, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары кеңінен таныстырылды. Әсіресе олардың денсаулық сақтау саласына, медицина қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктеріне ықпалы жан-жақты талқыланды. Мемлекет тарапынан әлеуметтік жауапкершілікті күшейту, азаматтардың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар заңнамалық өзгерістердің қоғам тұрақтылығын қамтамасыз ету, басқару тиімділігін арттыру және құқықтық қорғау тетіктерін жетілдірудегі маңызы атап өтілді. Ашық диалог форматында өткен кездесуде медицина қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

Осындай мазмұнды кездесулер реформалардың мәнін терең түсіндіруге және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Amanat Temirtau (@amanat_temirtau)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған