«REN-MILK» ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
Бүгін қалалық коалиция мүшелері Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында «REN-MILK» ЖШС еңбек ұжымымен кезекті кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндіріліп, олардың қоғам дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ықпалы кеңінен талқыланды. Әсіресе заң үстемдігін нығайту, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мемлекеттік басқару тиімділігін күшейту мәселелеріне назар аударылды.
Ұжым қызметкерлері белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойды. Еркін форматта өткен жиында мазмұнды әрі ашық диалог алаңы қалыптасты.
Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатуға, маңызды бастамалардың мәнін кеңінен түсіндіруге және ортақ азаматтық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

