Денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу өтті

Просмотров: 13

Теміртау қаласында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Қалалық коалиция мүшелері қаладағы денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кезекті кездесу өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасында ұсынылып отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ жаңа нормалардың қоғамның тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Жиын барысында медицина саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Коалиция мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңызы мен конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған