Қарағанды облысында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза болды
Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тасжолында үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды, – деп хабарлайды 247media.kz тілшісі.
Оқиға Қарағанды мен Балқаш арасында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.
«Жол апаты сағат 15:00-де 928-шақырымда Шопа елді мекенінің маңында болды. Toyota Prado, Hyundai Sonata және Toyota Avensis көліктері соқтығысты» , – деп хабарлады Қарағанды облысының жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.