Теміртауда «Қауіпсіздік коды: 102–111–150» профилактикалық акциясы өткізіледі
23–25 қыркүйек аралығында Теміртау қаласының аумағында «Қауіпсіздік коды: 102–111–150» профилактикалық акциясы өткізіледі.

Акцияның басты мақсаты — кәмелетке толмағандар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның кез келген түрі мен оны қолдану қаупін анықтау, сондай-ақ жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге және анықталған әрбір факті бойынша заңнамаға сәйкес жедел ден қою шараларын қабылдауға бағытталған жұмыстар жүргізеді.
