Цифрлық дәуірдегі жеке өмірді қорғау

Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, жеке және отбасылық құпиясының қорғалуына құқық береді. Қазіргі цифрлық қоғамда бұл қағиданың маңызы арта түсті, өйткені адамдардың жеке мәліметтері күнделікті қарым-қатынаста, электрондық қызметтерді пайдалану кезінде және әлеуметтік желілерде жиі қолданылады.

Мәселен, азаматтың телефон нөмірін, жеке құжаттарының көшірмесін немесе банк деректерін оның келісімінсіз тарату материалдық шығынға ғана емес, жеке қауіпсіздігіне де қатер төндіруі мүмкін. Теміртау қаласының тұрғындары арасында цифрлық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және жеке деректерді қорғау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу осы мәселенің өзектілігін көрсетеді.

Әрбір азамат күмәнді сілтемелерге өтпеуді, құпиясөздерін қорғауды және жеке мәліметтерін белгісіз адамдарға бермеуді білуі керек. Сонымен бірге азаматтардың дербес деректерін заңсыз пайдалануға жол бермеу де маңызды. Цифрлық қауіпсіздік – тек техникалық мәселе емес, адамның конституциялық құқықтарын құрметтеу мәдениетінің бір бөлігі.

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта