Ауылшаруашылығы ел экономикасының маңызды саласының бірі

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып саналады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, өндіріс тиімділігін арттыру және ауылдық аумақтардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қамтылды.
Жолдауда келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2025 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы өсім шамамен 6 пайызды құрап, өндірілген өнім көлемі 15 триллион теңгеге жеткен. Сонымен қатар жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 триллион теңгеден 1,5 триллион теңгеге дейін ұлғайған.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, заманауи техниканы пайдалануға және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуге назар аударды. Аталған бағыттар өнімділікті арттыруға және отандық азық-түлік өндірісінің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобалар да саланың даму әлеуетін көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде 71 сүт фермасы іске қосылып, олардың жылдық өндірістік қуаты 462 мың тоннадан асқаны атап өтілді.
Ауыл шаруашылығын жүйелі жаңғырту ауыл тұрғындары үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер қалыптастырып, қайта өңдеу кәсіпорындарының дамуына және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға негіз болады.

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта