Теміртауда төрт жастағы бала терезеден құлап кетті
Аймақта тұрғын үй терезесінен құлап, мерт болған балалардың саны азаймай тұр. Күні кеше ғана дәл осындай оқиға Теміртауда орын алды.
Металлургтер көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен төрт жастағы бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Түрлі жарақаттары бар баланы сол күні ауруханаға жеткізген.
– Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Үйінде кішкентайы бар отбасылар терезесіне арнайы қорғаныс құрылғысын орнатуы шарт. Әрі терезені бала өздігінен аша алмайтындай етіп құлыптап жүріңіздер. Одан бөлек, бала терезеге көтерілмеуі үшін терезе алдына жиһаз немесе басқа да кедергілер түрін қойыңыз – деді департамент мамандары.