Алаяқтың құрбаны болмас үшін WhatsApp-тағы аудиохабарламаларды өшіру қажет
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін аудиохабарламаларды өшіріп жүріңіз. Полицейлер қазақстандықтарға осындай ескерту жасады.
Өйткені алаяқтар аккаунттарды бұзып, мессенджерлердегі дыбыстарды пайдалану арқылы жақындарыңыздан ақша сұрайды.
Олар сіздің аккаунтыңызбен қоса, аудиодауысыңызды және банк картаңызды емін-еркін қолданып, адамның сеніміне кіреді.
Жамбыл облысында дәл осындай 13 алаяқтық іс тіркелген.
Сондықтан смартфоныңыздағы аудио-смс-терді бірден өшіріп, жақындарыңызбен байланыс жасаудың қосымша тәсілін тапқан жөн.