Елдегі колледж жатақханаларындағы орындарды бөлу автоматтандырылады

Просмотров: 19

Білім министрлігі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет azattyq-ruhy.kz

Атап айтқанда, өтініш негізінде жеке тұлғаларға тегін көрсетілетін «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәсілдері кеңейтілді.

Сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыс телефоны арқылы өтініш беру және нәтиже алу көзделеді.

Бұдан бөлек, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

– ТКОБКБ ұйымдары;
– www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, проактивті жолмен көрсетілуі мүмкін және оған:

– көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;

– проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен шектеулі қолжетімді мәліметтерді алу енеді.

Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағатты құрайды.

Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «бір өтініш қағидаты бойынша» «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттарды беру кезінде өтініш бере алады, ол Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындысы бойынша көрсетілетін болады.

Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

– жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

– үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, біреу немесе екі ата-анасының мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ қандастар;

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін – 2050») жобасы шеңберіндегі білім алушылар;

– бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат) талапкерлер;

– білім беру ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар.

Білім беру ұйымы өткізген қабылдау қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі;

– оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;

– ұйымның өзге де білім алушылары.

Түсіндірілгендей, ережеге өзгерістер енгізу колледж жатақханаларында орындарды объективті автоматтандырылған бөлуді көздейді және колледж жатақханаларында орын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттардың талап етілуіне жол бермеуді болдырмайды.

Бұдан басқа, жатақханадағы орындарды бөлу негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып жүргізіледі, басым тәртіппен балалар санаттары енгізіледі.

Құжат 2 тамызға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған