Мемлекеттік қызметтер: басымдылықтары мен ерекшеліктері

Просмотров: 26

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы – азаматтар мен мемлекет арасындағы жоғарғы деңгейдегі өзара қатынасты қамтамасыз етуде  маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметтер қоғамдағы қызметтің кең спектрін қамтиды және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, бюрократиялық  рәсімдерді жеңілдетуге және мемлекеттік функциялардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Ortalyq.kz ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Сурет qazaly.kz

Сонымен қоса, соңғы жылдары елімізде электрондық мемлекеттік қызметтер белсенді дамуда. Бұл азаматтарға қажетті қызметтерді тез әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. Жүйенің орталық элементі – «Электрондық үкімет» порталы болып табылады. Ол онлайн қызметтердің кең спектрін ұсынады. Аталған портал азаматтарға келесідей мүмкіндіктер береді:

– Қызметтерді алуға онлайн өтініш беру.
– Мемлекеттік баждар мен салықтарды төлеу.
– Өтініштердің жай-күйін онлайн қадағалауға.
– Түрлі мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат алу.

Сонымен қатар, портал күту уақытын едәуір қысқартып, мемлекеттік мекемелерге тікелей бару қажеттілігін жояды.

Елімізде мемелекеттік қызметтерді дамытуда жүргізіліп отырған тиімді саясаттың негізінде қазіргі уақытта келесідей артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беріліп отыр.

Бірінші артықшылығы – ашықтық және қолжетімділік. Электрондық мемлекеттік қызметтер қызметтерді алу процесін тіркелген жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін ашық және қолжетімді етеді.

Екіншіден, жылдамдық пен тиімділік: көптеген процестерді автоматтандырудың арқасында мемлекеттік қызметтер тезірек ұсынылады, бұл мемлекеттік жүйенің жалпы тиімділігін арттырады.

Үшіншіден, ыңғайлылық: көптеген қызметтерді онлайн режимінде алу мүмкіндігі мемлекеттік мекемелерге жеке бару қажеттілігін азайтады, бұл әсіресе шалғай аймақтарда тұратын азаматтар үшін маңызды.

Төртіншіден, қауіпсіздік: электрондық жүйелер азаматтардың дербес деректері мен ақпаратын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Қорыта келе, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтер халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуде шешуші рөл атқарады. Электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту – мемлекеттік функциялардың ашықтығын, тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл мемлекеттік жүйені жаңғырту және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған