Доллар бағамы төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,98 теңгеге төмендеп, 441,64 теңге болды. Доллардың 30 сәуір мен 3 мамыр аралығындағы ресми бағамы – 446,38 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 443,15 теңге, ал сатылым – 446,25 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 440,44 теңгеден сатып алады, 444,50 теңгеден сатады.