Ақталмаған үміт: Сарапшы ел спортшыларының олимпиададағы нәтижелері бюджеттегі шығынмен сай келмейтінін айтты
sportarena.kz ақпараты бойынша, Шолпан Әйтенова 1998 жылдан бастап Қазақстанда спортқа мемлекеттік бюджет шығындары 10 есеге өскенін, бұл ретте олимпиадалық спорт түрлерінде ел нәтижелерінің айтарлықтай жақсаруы байқалмағанын атап өтті.
Лондон (2012) және Рио (2016) олимпиадалары ел үшін ең табысты болды. Онда қазақстандық құрама тиісінше 11 және 17 медаль жеңіп алды, оның өзінде басқа елдерде дайындықтан өткен спортшылар есебінен.
2012 жылы мемлекеттік бюджет шығындары шамамен 6,3 трлн теңгені, ал 2016 жылы-9,4 трлн теңгені құрады
Салыстыру үшін, мәселен 1996 жылы Қазақстан 11 медаль жеңіп алды, оның үшеуі – алтын. Ол кезде бюджет небәрі 280 млрд теңгені құрады.
2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан тек жеті медаль жеңіп алды: үш қола, үш күміс және бір алтын. Бұл үшін бюджет шығындары 30 трлн теңгеден асады.
Шолпан Әйтенова қаржыландырудың спорттық жарыстардың түпкілікті нәтижелерімен сәйкес келмеуі бұқаралық және олимпиадалық спортты дамытудың нақты стратегиясының болмауына байланысты деп есептейді.
Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах боксты Лос-Анджелестегі келесі ойындарда олимпиадалық спорт түрлерінің тізімінен алып тастауға болатынын айтқан болатын.