Еңбек министрлігі мыңдаған қазақстандық отбасының шығындарын тексеруді жоспарлап отыр

Просмотров: 25
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі республикалық кеңес барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері айтылып, талқыланды, деп хабарлайды 247media.kz

Министрлік мемлекет басшысы азаматтардың шығыстарын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қайта қарау міндетін қойғанын еске салды. Осыған байланысты трансформациялау күтілуде.

Еңбекмині Әлеуметтік көмек департаментінің басшысы Айнұр Әбдірахманова, қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АӘК тағайындауға үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтап жатқанын хабарлады.

Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, жиһаз, тұрмыстық техника заттарын сатып алуға, кредиттерді өтеуге және т.б. шығыстардың түрлерін қарастыру жоспарлануда.

«Ұсынылып отырған алгоритм АӘК тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алу үшін SMS-хабарлама жіберуді көздейді. Бұл банктік құпияны ашу және үшінші тұлғаларға ақпаратқа қол жеткізуге қатысты емес. Тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізілетін болады», – деді Айнұр Әбдірахманова.

Сондай-ақ, АӘК тағайындау тетігіндегі алдағы өзгерістер шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасындағы 372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 60,5 млрд теңге қарастырылған

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған