Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің функцияларын кеңейтті

Просмотров: 39

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа функциялар жүктелді. Бұл туралы құжатқа сілтеме жасаған 247media.kz  хабарлайды.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» туралы 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы президент жарлығы шықты.

жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын келісу;

мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларын келісу; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын келісу; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын келісу;

мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-              техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларын келісу;

ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын келісу;

ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын келісу;

Сондай-ақ медициналық тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту кезінде Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлікте жүргені үшін жолақы шығындарын өтетуге құқығы бар ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жолдама беру тәртібін айқындайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған