Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады

Просмотров: 33
Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы дайындалды, деп хабарлайды 247media.kz

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Үшарал – Достық учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны анықталды.

 

Ақылы жолдың ұзындығы 180 шақырымды құрайды.

 

Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолдағы ақы мөлшерлемесі белгіленді.

Ақылы жолдың қызмет ету мерзімі – 20 жыл.

 

Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылады.

Бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдардағы тарифтерді тағы 20 пайызға көтеруді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған