Журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидалары бекітілді

Просмотров: 36
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидалары бекітілді, деп хабарлайды

Қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары жанынан журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеудің тәртібін белгілейді.

Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;
  • бірыңғай медиа платформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;

Журналистерді аккредиттеу аккредиттеуші ұйымның қызметі туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.

Журналистерді аккредиттеу тәртібі тұрақты және уақытша аккредиттеуді көздейді.

Тұрақты аккредиттеу:

Журналистерді тұрақты аккредиттеу аккредиттеуші ұйымның жанында оның орналасқан жеріне және тұрақты тұратын жеріне қарамастан жүргізіледі.

Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) тұрақты аккредиттеу бір жыл мерзімге жүзеге асырылады.

Аккредиттеуші ұйым өзінің интернет-ресурсында журналистерді қазақ және орыс тілдерінде тұрақты аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.

Аккредиттеуші ұйым он жұмыс күні ішінде аккредиттеуші ұйым жанынан өз журналистерін аккредиттеуге тілек білдірген бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бас редактордың және бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолымен ұсынады.

Тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі — құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні. Аса маңызды мемлекеттік объектілерде және стратегиялық объектілерде тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі — он жұмыс күні.

Аккредиттеуші ұйым өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:

  • аккредиттеу туралы;
  • аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және электрондық түрде хабардар етеді.

Аккредиттелген журналист мына ережелерді сақтауға тиіс:

  • оның аккредиттелген мемлекеттік органдар мен ұйымдарынан алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;
  • аккредиттеуші ұйым жүргізетін іс-шаралар регламентінің сақтау;
  • аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау шарттарын сақтайды.

Аккредиттеуші ұйым өткізілетін іс-шараның регламентін бекітеді.

Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға:

  • бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
  • құжаттарды ұсынбау;
  • тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады.

Тұрақты аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.

Журналисті тұрақты аккредиттеуден айыру үшін:

  • себептерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің журналисті аккредиттеуден айыру туралы өтініші;
  • журналист таратқан аккредиттеуші ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
  • бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
  • осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген шарттарды екі және одан да көп рет бұзу негіз болып табылады.

Аккредиттеуші ұйым негіздемені анықтаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген себептерді көрсете отырып, журналисті аккредиттеуден айырғаны туралы бұқаралық ақпарат құралын хабардар етеді.

Журналистерді тұрақты аккредиттеуден айыру алты ай мерзімге жүзеге асырылады.

Журналистерді аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында бірыңғай медиа платформа арқылы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аккредиттеу карталары беріледі.

Уақытша аккредиттеу:

Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі және тиісті іс-шара өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Уақытша аккредиттеуді алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді уақытша аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және меншік иесінің қолымен ұсынады.

Аккредиттеуші ұйым өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:

  • аккредиттеу туралы;
  • аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және электрондық түрде хабардар етеді.

Уақытша аккредиттелген журналист мына:

  • оның аккредиттелген мемлекеттік органдар мен ұйымдарынан алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;
  • аккредиттеуші ұйым жүргізетін іс-шаралар регламентінің сақтау;
  • аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау шарттарын сақтайды.

Уақытша аккредиттеуден бас тартуға:

  • бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
  • осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
  • тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады.

Бұйрық 2024 жылдың 20 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған