Орталық референдум комиссиясы алғашқы халықаралық байқаушыларды аккредиттеді

Просмотров: 117

2022 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.

Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 39 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде: 6 байқаушы ТМД–дан байқаушылар миссиясының құрамында; 5 байқаушы – Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылар миссиясынан; 17 байқаушы – ТМД ПАА-дан, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерінен 11 байқаушы аккредиттелді.

Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отыратын болады.

Халықаралық байқау институтын Орталық референдум комиссиясы 2022 жылғы 6 мамырда ашты. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған