Ұландықтар қоғам дертімен күресін жалғастыруда

Просмотров: 15

      Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметкерлері қоғам дертімен күресін жалғастыруда. Жасөспірімдер арасында тараған, өткір иісті ұнтақтар қазірде жасөспірімдердің өмірін құртып, денсаулықтары зияның тигізуде.

Қоғам дерті атанған есірткі мен күресті Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері де өз бақылауларына алуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні шамамен 20:00 және 23:36  шамасында Көкшетау қаласында орналасқан 5510 әскери бөлімінің ефрейтор Ермеков Раимбек бастаған әскери жасағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп өткір иісті ұнтақтарды анықтайды. Анықтау барысында, аталмыш заттарды полиция бөлімінің жеке тергеу тобының азаматтарына табыстайды. Осылайша,  ефрейтор Ермеков Раимбек бастаған әскери жасақ бір күнде екі ұнтақты анықтап, қоғам дертімен күресуге өз үлестерін қосуда.

 

 

                                                                                                                                                                                        ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған