Қазақстанда ІІМ орынбасары және Ұлттық ұланның басшысы жаңадан тағайындалды
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды 247media.kz
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды»,- делінген хабарламада.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Ботақановтың орнына Балтабеков сайланды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды»,- деп жазды Ақорда.
Сондай-ақ, Тоқаев тағы бір бұйрығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің басшысын сайлады. Бұл қызметке Бақытбек Рахымбердиев лайық деп танылды.