Қазақстанда көші-қонды бақылауды күшейту жоспарлануда

Просмотров: 35
Қазақстанда көші-қонды бақылауды күшейтуге бағытталған түзетулердің жаңа топтамасын әзірлеу мәселесі талқылануда, деп хабарлайды 247media.kz

Жалпы, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, шетелдіктерді тіркеу институтын қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Түзетулер туристерге емес, Қазақстанда 30 күннен артық болғысы келетіндерге қолданылады.

«Шетелдіктерді тіркеу тетігі мен тәртібін ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оңайлатылған түрде жүргізу жоспарланып отыр. Жалған тіркеу үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі»,- деді ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұған дейін Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 7 көрші мемлекеттің азаматы анықталғаны хабарланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған